Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев 1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келді.
Білімі мен біліктілігі
— 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл Ту институтының шығыс тілдері факультетін үздік бітірді (Мәскеу);
— 1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірді (Алматы);
— орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерінде сөйлейді;
— Төтенше және өкілетті елшінің дипломатиялық рангі.
Отбасылық жағдайы
Үйленген, ұлы мен қызы бар.
Жұмыс тәжірибесі
- Ангола Республикасына жұмыс сапары (1984-1985);
- КСРО Қарулы Күштері Бас штабының құрамында қызмет етті (1986-1991);
- "Қазақстан-коммерция" компаниясының бас маманы (1991-1992);
- "Крамдс" корпорациясының жетекші маманы, "КРАМДС-отель" корпорациясының бөлім бастығы (1992-1993);
- Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшілігі жанындағы сауда өкілдігінің аға сарапшысы (1993-1995);
- Австриядағы Қазақ сауда үйінің Алматыдағы өкілдігінің директоры (1995-1996);
- "Алматы сауда және қаржы банкі" ЖАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі (1996-1997 жж.);
- "Юнитэк ЛТД" компаниясының бас директоры (1997-1999);
- "Қазақстан Халық Банкі" ААҚ-ның Бейжіңдегі өкілдігінің басшысы (1999-2001);
- Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшілігінің кеңесшісі (2001-2003);
- Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы уақытша сенімді өкілі (2003-2004);
- Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2004-2006);
Нұрлан Ермекбаев
© Photo : Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі
- Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2006-2007);
- Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары (2007-2010);
- Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі (2010-2012);
- Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (2012-2013);
- Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (2012-2014);
- Қазақстан Республикасының Корей Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (2012-2014);
- 2014 жылдың қараша айынан бастап 2016 жылдың қыркүйек айына дейін — Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
- 2016 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды;
- 2018 жылдың 4 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
- 2018 жылдың 7 тамызында Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды.
Марапаттары
- "Құрмет" ордені (2005);
- "Парасат"ордені (2015);
- "Жергілікті қақтығыстар қатысушысына. Ангола" медалі, "Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін" медалі;
- "Президенттің алғысы" төсбелгісі және бірқатар мерейтойлық медаль;
Ғылыми атағы
- Саясаттану ғылымдарының кандидаты.