Оқиға

Министр Денис Теннің өліміне қатысты істі тергеу қалай жүріп жатқанын айтты

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы осы жылдың 19 шілдесінде қаза болған еді
Sputnik

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі.

Денис Тенге шабуыл жасалған жерден видео жарияланды

"Қазір қылмыстық істі тергеуді аяқтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Барлық квалификация анықталды. Қылмыстық істі аяқтау және танысу жұмыстары жүріп жатыр", — деді министр үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Іс аяқталғаннан кейін сотқа жолданады. 

Еске сала кетсек, қазақстандық спортшы осы жылдың 19 шілдесінде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. 

Аталған факті бойынша үш адам ұсталды. Олар Жамбыл облысының тумасы 24 жастағы Нұралы Қиясов, Қызылорда облысының 1994 жылғы тумасы Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Алғашқы екеуі ұрлық, қарақшылық және адам өлімі бойынша, ал әйел қылмыс жасалғанын хабарламағаны үшін айыпталып отыр.