Қоғам

Бас мүфти Ақтөбедегі хиджаб дауына қатысты пікір білдірді

Серікбай Қажы Ораздың пікірінше, ата-аналар балаларының тағдырын шешпеуі тиіс
Sputnik

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз оқушылардың хиджаб киюі мәселесінде ата-аналар мен педагогтар ортақ келісімге келуі керек екенін айтты.

Психоаналитик қызына хиджаб кигізетін ата-ананың неге олай істейтінін түсіндірді

Астана арнасының хабарлауынша, мүфти Ақтөбеге арнайы келген. 

"Балиғат жасына жетпеген, тіпті, жеті-сегіз жастағы 1-3-сынып оқушыларының тағдырын тәлкек етіп, саудаға салғандай жасау — жансақ дүние. Біз ұрпағымызды білім алудан, көзі ашық, қарақты үлкен азамат болып қалыптасу жолындағы осындай мүмкіндіктерден айырмауымыз қажет", — дейді діни қызметкер.

Осы уақытқа дейін ақтөбелік ата-аналар балаларын мектепке хиджабпен кіргізбей қойғаны үшін шу шығарып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған-ды. Орамалын шешуден бас тартқан оқушылар келесі сыныпқа қалды.