Әлем

Теңіз қарақшылары кемедегі 12 адамды ұрлап кетті

Бидай тиелген кемеде экипаждың 19 мүшесі болған
Sputnik

АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Нигерия жағалауында теңіз қарақшылары швейцариялық Massoel Shipping компаниясының кемесінен 12 адамды ұрлап кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Кеме аударылып, құтқарушылар судан 200-ден астам мәйіт алып шықты

Бидай тиелген кеме Лагостан Порт-Харкотқа бет алған. Шабуыл Бонни аралынан 83 шақырым қашықтықта жасалды.

"Компания тұтқындағы адамдардың тез арада босатылуын қамтамасыз ету үшін билікпен және мамандармен жұмыс істеп жатыр", — делінген Massoel Shipping хабарламасында.

Швейцария туы ілінген кемеде барлығы 19 экипаж мүшесі болған. Олардың азаматтығы нақтыланбаған. Тек тұтқынға түскендер арасында Швейцария азаматы жоқ екені белгілі.

Нигерия жағалауында теңіз қарақшыларының ақша үшін кеменің экипаж мүшелерін ұрлауы жиі кездеседі. Мәселен, 21 сәуірде пираттар Нидерландының "ФВН Рапид" кемесіне шабуыл жасаған. Кепілге алынған азаматтар арасында кеме капитаны — Ресей азаматы да болған. Олар тек бір айдан кейін босатылды.