Әлем

Жасөспірімдер үстілерінен шағымданған 5-сынып оқушысын өртеп жіберді

Мүгедек балаға оқушылар үшінші рет шабуыл жасап жатыр, ата-анасы бұл жолы полицияға шағым түсірді
Sputnik

АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Петербургтегі №635 мектептің жоғары сынып оқушылары мүгедек баланың үстіне жанғыш сұйықтық құйып, жағып жіберді. Ата-анасының айтуынша, оқушылар балаларына бір ай ішінде осымен үшінші рет шабуыл жасап отыр.

Ойнап жүрген балалар сәбидің үстіне жанғыш сұйықтық шашып, өртеп жіберді

Жайсыз жағдай Петербург қаласының Приморский ауданында №246 мектеп оқушысы сабақтан үйіне қайтып келе жатқан кезде болған. №635 мектептің жоғары сынып оқушылары он бір жастағы баланы соңынан аңдып, кейін оны өздерінің үстінен шағым түсірді деп кінәлаған. Шабуыл жасаған оқушылар арасында қыз бала болған.

Бұл жасөспірімдер 11 жасар балаға осы уақытқа дейін екі рет шабуыл жасаған. Бірінші ретте олар оны электрошокермен ұрса, екінші ретте бетіне бояу жағып кеткен, деп жазды Фонтанка.ру басылымы.

Осыдан кейін жоғары сынып оқушылары ұстаздардан ұрыс естіп, кейін осы үшін кек қайтарғылары келген сыңайлы. Жағдай Планерной көшесінде болды. Оқушылар 11 жасар баланың үстіне жанғыш сұйықтық құйып, кейін өртеп жіберген. Алайда оқушы дер кезінде отқа оранған сөмкесін шешіп, өзін құтқарып қалады.

Бұзақылар оқиға болған жерден қашып, 11 жасар баланы үйіне басқа куәгерлер алып келген. Бұл жолы мүгедек баланың ата-анасы полицияға шағым түсірді. Олар балаларына күн көрсетпейтіндерді жазалауды талап етіп отыр. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, балаға кімдердің шабуыл жасап жүргендері белгілі болды. Жуырда олар тиісті жазаларын алады.