Өңірлер

"Шарды неге жарасың?" Таразда қызға араша түскен жасөспірім ажал құшты

Таразда 16 жастағы жасөспірімді өлтіріп кеткен бір топ жігітке іздеу жарияланды
Sputnik

АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik.  Таразда 16 жастағы жасөспірімді ұрып өлтірген бір топ жігітке іздеу жарияланды. 

Қостанайда жасөспірімнің жантүршігерлік қазасына әпкесі себеп болды

Бұзақылар қаланың қақ ортасында студенттің жағынан ұрып құлатып, ізін суытқан, деп хабарлады КТК.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, көңілді кештен шыққан төрт жігіттің жанындағы екі қыздың бірінің қолындағы шарды жанынан өткен  жігіттердің бірі жарып жіберген. Бұған жасөспірім шамданып қарсы шығады. Сол сәтте оған бұзақының бірі иек астынан қатты соққы жасап, тас жолға сұлатқан. Жерге оңбай құлаған жасөспірім сол жерде жан тапсырды. 

Тәртіп сақшылары күдіктілерге іздеу жариялап, аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтып отыр.