АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 14 жастағы жасөспірімнің қаза болуына не себеп болғанын айтты.
"2004 жылы туған жасөспірім әпкесімен жанжалдасып қалып, тоғыз қабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы терезеден секіріп кетті", — деп жазылған ТЖД ресми хабарламасында.
Облыстық ІІД аталған факті негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп жазды kstnews.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанайдағы жантүршігерлік трагедия сенбі, 25 тамыз күні болды. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасында көз жұмды.