Спорт

Головкин жеңілістен кейін қандай күйге түскені белгілі болды

Төрешілер шешімі Головкиннің көңілін қалдырды, дейді Абель Санчес
Sputnik

АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес команда GGG-дің Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегіндегі жеңілісін қалай қабылдағанын айтты.

Головкинге жақсы жаңалық жетті

Абель Санчестің пікірінше, әрбір команда жеңіліске ұшыраған кезде жеңдім деп ойлайды.  Бұл туралы Sports.kz жазды.

"Біз жеңіске жеттік деп есептейміз, "Канелоға" жеңісті берген екі төрешіден басқаның бәрі солай ойлайтын секілді", — деп атап өтті бас бапкер.   

Оның айтуынша, Геннадий Головкиннің көңілі қалған, ол Лас-Вегаста "жергілікті" боксшыға басымдық берілетініне аздап қапаланған. 

"Шешімді өзгерту үшін ештеңе істей алмаймыз. Біз Геннадийді ұлттық чемпион деп есептейміз, адамдар да ол жеңді деп ойлайды", — деп жазды Санчес Reddit сайтында.

Айта кетейік, Головкин — "Канело" жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, төрешілер шешімімен Альварес жеңіске жетті.