Өңірлер

Қостанайлық қыз әкесін сотқа сүйреді

Қыз әкесінің ай сайынғы табысының төрттен бір бөлігін алимент ретінде өндіріп алмақ
Sputnik

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Қостанайлық қыз қалалық сотқа әкесіне қарсы талап арыз түсірді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Танымал актер 40 жыл бұрын қыз зорлағаны үшін сотқа шақыртылды

Қыз оқу орнында білім алған кезеңдегі әкесінің ай сайынғы барлық табысының ¼ көлемін алимент ретінде өндіріп алмақ.  

"Жауапкер қызының алдындағы міндетін орындамай келген. Талапкердің әкесі қызы білім алған кезең үшін ай сайын 20 000 теңге көлемінде өз еркімен алимент төлеуге міндеттелді. Қызы талап арызынан бас тартты" – деп хабарлады сот. 

Мұндай нәтижеге алдын ала сот отырысында қол жеткізілді. Судья тараптарға дауды бейбіт жолмен тоқтату құқығын түсіндірді. Тараптар соттан дауды реттеу жайлы келісімді бекітуді сұрап өтініш берді.