Өңірлер

Қостанайлық қыз әкесін сотқа сүйреді

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСот балғасы, архивтегі фото
Сот балғасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз әкесінің ай сайынғы табысының төрттен бір бөлігін алимент ретінде өндіріп алмақ

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Қостанайлық қыз қалалық сотқа әкесіне қарсы талап арыз түсірді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

қолына кісен салынған азамат - Sputnik Қазақстан
Әлем
Танымал актер 40 жыл бұрын қыз зорлағаны үшін сотқа шақыртылды

Қыз оқу орнында білім алған кезеңдегі әкесінің ай сайынғы барлық табысының ¼ көлемін алимент ретінде өндіріп алмақ.  

"Жауапкер қызының алдындағы міндетін орындамай келген. Талапкердің әкесі қызы білім алған кезең үшін ай сайын 20 000 теңге көлемінде өз еркімен алимент төлеуге міндеттелді. Қызы талап арызынан бас тартты" – деп хабарлады сот. 

Мұндай нәтижеге алдын ала сот отырысында қол жеткізілді. Судья тараптарға дауды бейбіт жолмен тоқтату құқығын түсіндірді. Тараптар соттан дауды реттеу жайлы келісімді бекітуді сұрап өтініш берді.  

Жаңалықтар
0