Оқиға

Қорғаста әскери қызметшіні ұрған ер адам қамауға алынды

Әскери қызметшінің төменгі жақ сүйегі сынып, миы шайқалған
Sputnik

ТАЛДЫҚОРҒАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Алматы облысында "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы аумағында әскери қызметшіні ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қорғаста полицейлерге қарсылық көрсеткен қытайлық қамауға алынды

"ҚР қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабы бойынша аудандық полицияның уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚК 380-бабына сәйкес аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Яғни тергеу "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бабы бойынша жүргізілуде. Тергеу Панфилов АІІБ өндірісі мен облыстық полиция департаментінің бақылауында", — деді Алматы облысы ІІД ресми өкілі Көбей Нұрахмет.

Сондай-ақ, Панфилов аудандық ауруханасының дәрігерлері әскери қызметшінің төменгі жақ сүйегі сынып, миы шайқалғанын жеткізді. Жуық арада Алматыдағы әскери ауруханаға ауыстырылмақ.

Әскери базада хатты ашқан соң 11 адам зардап шекті

Әскери қызметші мен болжам бойынша "Қорғас" ШЫХО жұмысшысы арасында келіспеушілік сәрсенбі күні болды. Бұл кезде шекара әскерінің қызметкері қызметтік міндеттерін орындап, өткізу режимін бақылап тұрған.

Оқиға болып жатқан сәт түсірілген видео Instagram желісіндегі топтардың бірінде жарияланды. Белгілі болғандай, әскери қызметші әртүрлі жарақатпен Жаркент ауруханасына жатқызылды, ал оған қол жұмсаған адамды полиция қамауға алды. Кейінірек полиция бұл іске қатысты тергеу жұмыстарының нәтижесі алдағы уақытта жария етілетінін хабарлады.