ҚОСТАНАЙ, 20 қыркүйек — Sputnik. Қостанай облысында қыркүйектің 12-сі мен 14-і күндері аралығында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген "STOP трафик" операциясы кезінде Ақмола облысының із-түссіз жоғалды делінген тұрғыны қаладағы саунада интим-қызмет көрсетіп жүрген жерінен ұсталды.
Қостанай облысы ІІД хабарлауынша, бойжеткен жоғалғаннан кейін туыстарымен байланысқа шықпаған. Осыдан кейін туыстары полициядан көмек сұрап, іздестіру шаралары басталды. Көптен бері бойжеткен із-түссіз жоғалғандар тізімінде болып, ол туралы ақпарат барлық полиция бөлімшесіне таратылды.
Бойжеткен Қостанайда ақшаға интим-қызмет көрсетіп жүрген жерінде ұсталды. Әзірге өзінің із-түссіз жоғалып кету себебін түсіндірмеді.
Қостанай облысында жүргізілген "STOP трафик" операциясы кезінде жеңгетайлыққа қатысты алты жағдай тіркелді.
"Олардың әрқайсысы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, жеңіл жүрісті 15 бойжеткен профилактикалық тіркеуге алынды", — деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.
Астана ер адам қызды 80 мың теңгеге сатып жіберді
Жыл басынан бері Қостанай облысында адам сатумен күрес жүргізу барысында 33 қылмыс тіркелді.