Өңірлер

Із-түссіз жоғалған бойжеткен Қостанайдағы притоннан табылды

© xusenruӘйел адам теріс қарап тұр
Әйел адам теріс қарап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанай полициясы Ақмола облысында із-түссіз жоғалды делінген 21 жастағы бойжеткенді қолға түсірді

ҚОСТАНАЙ, 20 қыркүйек — Sputnik. Қостанай облысында қыркүйектің 12-сі мен 14-і күндері аралығында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген "STOP трафик" операциясы кезінде Ақмола облысының із-түссіз жоғалды делінген тұрғыны қаладағы саунада интим-қызмет көрсетіп жүрген жерінен ұсталды.

Ер және әйел адам - Sputnik Қазақстан
Бойдақ жігіттерге қасақана ВИЧ жұқтырған жезөкше ұсталды

Қостанай облысы ІІД хабарлауынша, бойжеткен жоғалғаннан кейін туыстарымен байланысқа шықпаған. Осыдан кейін туыстары полициядан көмек сұрап, іздестіру шаралары басталды. Көптен бері бойжеткен із-түссіз жоғалғандар тізімінде болып, ол туралы ақпарат барлық полиция бөлімшесіне таратылды.

Бойжеткен Қостанайда ақшаға интим-қызмет көрсетіп жүрген жерінде ұсталды. Әзірге өзінің із-түссіз жоғалып кету себебін түсіндірмеді.

Қостанай облысында жүргізілген "STOP трафик" операциясы кезінде жеңгетайлыққа қатысты алты жағдай тіркелді.

"Олардың әрқайсысы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, жеңіл жүрісті 15 бойжеткен профилактикалық тіркеуге алынды", — деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Жыл басынан бері Қостанай облысында адам сатумен күрес жүргізу барысында 33 қылмыс тіркелді.

 

 

Жаңалықтар
0