Оқиға

Алаң қоршауына шығып ойнаған балалар тоқ соғып өлді

Балалар электр сымдарына қол тигізу үшін алаңның қоршауына шыққан. Кейін тоқ соғып, сол жерде жедел жәрдем келгенше көз жұмды
Sputnik

ПАВЛОДАР, 17 қыркүйек — Sputnik. Қайғылы жағдай Павлодардың Жаңауыл атты елдімекенінде шамамен таңертеңгі сағат бес шамасында болды. 

Шымкентте жасөспірім велосипед тебемін деп ажал құшты

Куәгерлердің айтуынша, 12 және 14 жастағы жасөспірімдер электр сымдарын ұстап көру үшін ұзындығы алты метр болатын металл қоршауға шыққан. Екеуі осы үшін бәстескен деген болжам бар. Сондай-ақ, куәгерлер олардың бірден көз жұмғандарын айтты. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау басқармасындағылар да растады.

Жедел жәрдем қайғылы жағдай болған жерге үш минут ішінде келген. Алайда бұл уақытта балалар ажал құшып үлгерген. Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушылары да балалар ұстап көрмек болған тоқтың қауіпсіз болмағанын айтады. Яғни тоқтар дұрыс қапталмаған.

Мамандар бұл жағдайға кім жауапты екенін айтуға әлі ерте екенін жеткізді. "Павлодарэнерго" компаниясының қоғаммен байланыс бөліміндегілер бұл жағдайдың электр өткізудің әуедегі бөлігінде болғанын ғана айтты. Бұл жердегі тоқтың күші 6 киловольт екен.

Қосымша қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Қалалық спорт және мәдениет бөлімі де бұл жағдайға қатысты қандай да бір ақпарат бере алмай отыр. Ведомствоның баспасөз хатшысы Күмісай Асайнова балалар ойнап жүріп ажал құшқан спорттық кешеннің 2013 жылы салынғанын жеткізді. Оған "Ертіс" спорттық клубы" кәсіпкерлігі жауапты. Ал аталған кәсіпкерліктің дәл осындай тағы да 21 жасанды шөппен көмкерілген алаңы бар.

Мұнымен қатар, ішкі істер департаменті балалардың өліміне қатысты 105-бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы сараптамалар тағайындалғанын жеткізді.