Өңірлер

Шымкентте жасөспірім велосипед тебемін деп ажал құшты

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуВелосипед
Велосипед - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Велосипед мінген бала жолды кесіп өтпек болғанда жүк көлігі астына түскен

ШЫМКЕНТ, 2 тамыз — Sputnik. қаласында 13 жасар бала велосипед тебемін деп мерт болды, деп хабарлайды kz.otyrar.kz басылымы. 

Қайғылы оқиға Тассай шағын ауданында Жібек жолы көшесінде сағат 13:00 кезінде болған.

Дуатлон жарысы - Sputnik Қазақстан
Видео
Астанадағы жарыс кезінде көлік велошабандоздарды қағып кетті - видео

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, 13 жасар жасөспірім велосипед теуіп жүріп жолдан өтпек болады. Өкінішке орай, дәл сол мезетте көшеде кетіп бара жатқан жүк көлігі жасөспірімді қағып кетіпті.

Тағы оқыңыз: Бурабайда велосипедшінің денесі табылды

Жасөспірім оқиға орнында жан тапсырды. 

Жол апаты болған жерге полицейлер келіп оқиға орнын қоршауға алды. кінәлі жүргізушінің ісін тергеумен айналысатын болады.

Жаңалықтар
0