Спорт

"Сіз нағыз чемпионсыз!". Димаш Головкинге қолдау білдірді

Әлеуметтік желі қолданушылары да әншінің сөзін қоштай түсті
Sputnik

АСТАНА, 16 қыркүйек — Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген кәсіби бокста алғаш рет жеңіліс тапқан Геннадий Головкинге қолдау білдіріп, оның қазақ елі үшін әрдайым чемпион болып қала беретінін жеткізді.

Головкин кәсіби бокста алғаш рет жеңіліс тапты

Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық спортшының бүгінгі жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

"Аға, біз үшін әрдайым мықты спортшы болып қала бересіз! Сіз нағыз чемпионсыз! Қазақстанның атын шығарып жүргеніңіз үшін көп рахмет! Алға!" деп жазды ол.

Әншінің сөзін әлеуметтік желі қолданушылары да қолдап, кәсіби бокста алғаш рет жеңіліс тапқан боксшыға қолдау білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин қарсыласы Сауль "Канело" Альварестен жеңіліс тауып, барлық белбеуінен айырылды.