АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізген реванш үшін 4 миллион доллар алады.
Спортшылардың гонорары туралы ақпаратты ESPN басылымы таратты.
Журналист Дэн Раффаэлдің мәліметінше, GGG қарсыласы бұл жолы бір миллион доллар артық алмақ. Жалпы боксшылар 30 және 40 миллион доллардан алады. Бұл ақша ақылы трансляция есебінен келеді.
Боксшылардың алғашқы жекпе-жегінде екеуі де тең түскен еді. Келесі жекпе-жекті қазақстандықтар 16 қыркүйек күні таңғы сағат 08:00 мен 08:30 аралығында тікелей эфирден көре алады.