Өңірлер

Абай ауылында баланы зорлау ісі бойынша бастапқы тыңдау өтті

Абай ауылында бірінші сынып оқушысын зорлады деп айыпталған кәмелеттік жасқа толмаған баланың ісі жабық режимде өтеді
Sputnik

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Шымкентте 12 қыркүйекте Абай ауылындағы жеті жасар баланы зорлау ісі бойынша бастапқы тыңдау өтті. Бұл жайында қоғам қайраткері Аружан Саин хабарлады.

Сот жабық режимде өтеді.

"Сот таза өтіп, әділ шешім шығарылады деп үміттенеміз", — деп жазады Аружан Сайын баланың отбасына жәрдем бергендерге алғысын білдіріп.

Атышулы Абай ауылында зорланған баланың ісі: кімдер жазаланғаны белгілі болды

Абай ауылының бірінші сынып оқушысы жоғары сынып оқушылары тарапынан бірнеше рет зорлық көрген. Бұл оқиға туралы жұртшылықтан көмек сұрап, әжесі үндеу жасаған еді.

Іске сол кезде балалар омбудсмені қызметін атқарған Зағипа Балиева араласты. Құқық қорғаушылар мен мемлекеттік орган өкілдері әжесі мен баланы ауылдан алып кетті. Сараптама нәтижелері баланың зорланғанын дәлелдеді.

Баланы зорлаған төртеуінің бірі ғана сот алдына келді. Қалған үш жасөспірім 14 жасқа толмағандықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Абай ауылында 7 жасар баланы зорлағандар мектепке барды