АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облыстық ауруханасының әжетханасында босанып, нәрестесін шелекке тастап кеткен әйел ұлын қайтарып алғысы келетінін айтты.
Тастанды баланың тағдыры туралы alau.kz жазды. Қазір сәби Қостанай облыстық ауруханасында жатыр. Бас дәрігер Игорь Белобржицкийдің айтуынша, баланың жағдайы қалыпты. Қажетті медициналық көмек көрсетілді. Бір-екі күнде бала "Дельфин" сәбилер үйіне ауыстырылады.
"Анасы уақытша, жарты жылға бас тартуға арыз жазды. Оның аналық сезімі оянды. Әйел ұлын алып кеткісі келді. Алайда баланы тастап кеткеннен кейін қайтарып алу оңай болмайды. Мұндай жағдай болып тұрады. Біреудің денсаулық жағдайы көтермейді, енді бірі материалдық қиындыққа ұшырайды. Баласын тастап қашып, кейін алып кетіп жатады", — деп хабарлады Игорь Белобржицкий.
Естеріңізге сала кетейік, 7 тамыз күні әйел әжетханада босанып, баласын шелекке тастап кеткен болатын.
- Павлодарда алимент төлемейтін еркектерді еркектік қуатынан айыру ұсынылды
- Медбике тастанды баланы ұрып-соққаны видеоға түсіп қалды