Әлем

Абхазия премьері көз жұмды: жол апаты болған жерден видео жарияланды

Абхазия премьер-министрі Геннадий Гагулия мінген үкімет кортежі 8 қыркүйек күні сағат 23.00 кезінде жол апатына ұшырады
Sputnik

АСТАНА, 9 қыркүйек — Sputnik.  Абхазия премьер-министрі Геннадий Гагулия жол апатынан қаза болды. Sputnik Абхазия агенттігі оқиға орнынан видео жариялады.     

Видеороликтен апат болған сәтте премьер отырған автокөліктің сау-тамтығы қалмағанын көруге болады. Сонымен қатар, видеоға жол апатына ұшыраған екінші көлік те түсірілген.

​​Бұған дейін республика үкіметінің сайтында премьердің қаза болғаны туралы ақпарат жарияланды. Ол 8 қыркүйек күні шамамен сағат 23.00-де Псоу-Сухум" жолында болған жол апатынан 71 жасында көз жұмды.