АСТАНА, 9 қыркүйек — Sputnik. Абхазия премьер-министрі Геннадий Гагулия жол апатынан қаза болды. Sputnik Абхазия агенттігі оқиға орнынан видео жариялады.
Видеороликтен апат болған сәтте премьер отырған автокөліктің сау-тамтығы қалмағанын көруге болады. Сонымен қатар, видеоға жол апатына ұшыраған екінші көлік те түсірілген.
Бұған дейін республика үкіметінің сайтында премьердің қаза болғаны туралы ақпарат жарияланды. Ол 8 қыркүйек күні шамамен сағат 23.00-де Псоу-Сухум" жолында болған жол апатынан 71 жасында көз жұмды.