Өңірлер

Петропавлда жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

2003 жылы туған жасөспірім Айыртау ауданының Саумалкөл ауылынан табылған
Sputnik

АСТАНА, 9 қыркүйек — Sputnik. Cолтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен оқушы қыз табылды.

Астанада екі апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім Айыртау ауданының Саумалкөл ауылынан табылған. Қазіргі таңда Петропавлдың 15 жастағы тұрғыны не себепті жоғалып кеткені анықталып жатыр, деп хабарлады Петропавловск.news. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше бұқаралық ақпарат құралдары 7 қыркүйек күні кешкі сағат тоғыздың шамасында 2003 жылы туған мектеп оқушысы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмағанын жазған болатын.