Спорт

"Енді болмайтын шығар ...". Головкин жанкүйерлерін алаңдатып қойды

"Канело" — GGG рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді
Sputnik

АСТАНА, 9 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Саул Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жектің қаншалықты маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz. 

Қазақстандықтар Головкин-Альварес жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалайды

"Бұл менің карьерамдағы ең үлкен жекпе-жек… Маған алдағы бірнеше жылдың ішінде дәл қазіргідей жақсы мүмкіндік берілмейтін шығар. "Канело" даңқты боксшы, P4P-чемпионы атағы бәске тігілетін бұл жекпе-жекті кім жеңсе де үлкен оқиға болмақ. Қаншама демеуші тартылды, қаншама адам бұл кездесуді тамашалайды – бұл маған ұнайды!", — деп мойындады Головкин. 

"Канело" — GGG рематчы 15 қыркүйекте (Қазақстанда 16 қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.