Әлем

Жасөспірім қызбен жақындасқан Олимпиада чемпионы мәңгіге спорттан қуылды

Сондай-ақ белгілі спортшы бүкіл марапатынан айырылды
Sputnik

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Тхэквондодан екі дүркін Олимпиада чемпионы Стивен Лопес өмір бойына жарыстарға қатысудан шеттетілді, деп хабарлайды Houston Chonicle.

Ресейде оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен қазақстандық ұсталды

Спорттағы этика және тәртіп мәселелерімен айналысатын U.S. Center for SafeSport агенттігі кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жақындасқаны үшін Лопесті жарыстардан өмір бойына шеттетті. Тергеу барысында 2000 жылы америкалық спортшының көрші тұратын 14 жастағы қызбен сексуалдық байланысқа түскені анықталды. Лопес оның отбасымен достық қарым-қатынаста болған. 

2000-2016 жылдары Лопес қатарынан бес Олимпиадаға қатысқан. Ол 2000 және 2004 жылдары екі алтын медаль, ал Пекинде өткен олимпиада ойындарында қола алқа алады.