АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Мәскеу түбінгегі Подольскіде жасөспірім қызбен ұзақ уақыт жыныстық қарым-қатынаста болғаны үшін Қазақстан азаматы қамауға алынды деп хабарлайды "360".
РФ ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 20 жастағы ер адам 2016 жылы қаңтар-ақпан айларында 14 жасар мектеп оқушысымен жыныстық қарым-қатынасқа түскен.
Бұл қылмыс осы азаматқа қатысты басқа бір қылмыстық істің тергелуі барысында анықталды.
Істің анық-қанығы белгілі болғанда, тергеушілер ер адамға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азаматты бірден қамауға алды.