Оқиға

Алматы тұрғыны жанып жатқан пәтерден екі баланы құтқарды

Екі ұлдың анасы балаларын қалдырып, мектепке кеткен екен. Өрттің неден шыққаны белгісіз
Sputnik

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек — Sputnik. Алматыда "Аксай-4" шағын ауданында көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде өрт болды, деп хабарлайды қаланың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

Отқа оранған ғимаратта Құран кітабын өрт шарпымаған - видео

Ведомство мәліметінше, оқиға кеше болған екен.

Подъезде түтін иісін сезген көршісі бірден көмекке ұмтылады. Өртке оранған пәтердің есігі жабық тұрғанымен, кілтпен бекітілмепті. Бейбітгүл Ыдырысова бетін халатының жеңімен жауып, түтін басқан үйге кіреді.

Балалардың үйде екенін білетін ол атын атап шақыра бастайды. Жеті жасар бала бірден дыбыс шығарып, белгі береді. Қасында бір жарым жасар бауыры бар көрінеді. Әйел адам балаларды көтеріп далаға алып шыққан. Кейін өрт сөндіру қызметін шақырыпты.

Көп ұзамай өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресе бастайды. Кейінірек анықталғандай, балалардың анасы оларды үйге тастап, мектепке кетіп қалыпты.

Өрттің себебі айтылған жоқ.