АCТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Қостанай облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қыркүйекте Әулиекөл ауданында екі вагон рельстен шығып кеткен.
"Сағат 06.45-те Қазанбасы стансасында екі вагон (саны анықталып жатыр) рельстен шығып кеткені туралы ақпарат түсті. Құрамада 53 вагон болған, барлығына қиыршық тас тиелген", — деп жазылған ТЖД хабарламасында.
Костанайские Новости сайты апат салдарынан "Астана-Маңғышлақ" бағытында қатынайтын № 37 жолаушылар пойызы кешіктірілгенін хабарлады. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын Қазанбасы стансасының қызметкерлері жүргізіп жатыр.