Әлем

Қазақстандықтар әлемдегі ең жалқау халықтардың тізіміне енді

Қазақстанда 18 жастан асқан халықтың 27 пайызы дене шынықтыруға қатыспайды
Sputnik

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдардың жүріс-тұрыс белсенділігі бойынша 168 елде жаңа зерттеу жүргізді.

Назарбаев: жалқау адамдар қоғамда әрқашан болады

Зерттеудің нәтижесін тарқатсақ, 55 мемлекетте тұрғындардың үштен бірі спортпен шұғылданбайды екен. Ал Қазақстанда 18 жастан асқан халықтың 27 пайызы дене шынықтыруға қатыспайды. Салауатты өмір салтын ұстанатын елдер тізімінде – Уганда мен Мозамбик алғы шепте, деп жазды 24.kz. 

Жалпы әлемде ер жеткен әрбір бесінші адамның физикалық белсенділігі жеткіліксіз екен. Осыған байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағып отыр. Биыл 27 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясы аясында жұқпайтын аурулар бойынша жоғары деңгейдегі үшінші кеңес өтеді. Осы форумға қатысушылар физикалық белсенділікті арттыру жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық жоспарын талқыға салады.

Бір істі кейінге қалдыра беру жалқаулық па? Психологтар жауап берді