Қоғам

Назарбаев: жалқау адамдар қоғамда әрқашан болады

© Sputnik / Болат ШайхиновНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясын жастарды оқыту мен оларға мамандық беру ісіне белсенді атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр Отан - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Астанада "Нұр Отанның" саяси кеңесінің отырысын ашты

"Мемлекет тағы не істей алады? Қолынан ұстап: "Оқы, міне саған жұмыс, еңбек ет, өтінеміз". Осының барлығын "Нұр Отан" қолдап, үн қосуы керек. Басқа кім? Егер біз мұны жасасақ, бүкіл әлемге әр жастың мәселесімен жеке-дара айналысатын мемлекет ретінде таныламыз", — деді Назарбаев партияның саяси кеңесінің отырысында. 

Елбасы әр азаматқа тиісті деңгейде көңіл бөлінсе, ол жұмысқа үйреніп, қоғамға пайдасын тигізетінін айтты.

"Бір биеден ала да, құла да туады" демекші, бос белбеу, еріншек, түк пайдасы жоқ адамдар барлық қоғамда болған, бола да береді. Бірақ олар аз ғана, өздерінің қылығынан ұялады. Егер оны оқытып, бастапқы кезеңде көңіл бөлсе, жұмысқа үйреніп, қоғамға пайдасын тигізеді", — деді президент. 

Астанада "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста мемлекет басшысының 2017 жылдың 3 қарашасында партия саяси кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру барысы және президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын қадағалайтын қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелері қаралады.

Жаңалықтар
0