Әлем

Төрт жасар қыз жаңа туфлиді киіп көргеннен кейін ауруханаға түсті

Бүлдіршіннің аяғына ота жасалған жоқ, тек бес күн бойы ауруханада дәрі тамызғышпен жатқан
Sputnik

АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Британияның Аберфан қаласында дүкенде аяқ киім киіп көрген бүлдіршін ертесі күні ауруханадан бір-ақ шықты.

Он бір айлық қыз пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Дүкенге барып келгеннен кейін, келесі күні кішкентай Сиеннаның аяғы ауыра бастаған. Анасы қызын бірден дәрігерлерге апарады. Ақхалаттылар қыздың аяғының іріңдеп жатқанын көргенімен, оны үйіне жіберген, деп жазады life.ru

Ал келесі күні қыздың қызуы көтеріліп, анасы баласын тағы ауруханаға әкелуге мәжбүр болады. Дәрігерлер қойған диагноз әйелді біраз есеңгіретіп тастады. Белгілі болғандай, бүлдіршіннің қанына инфекция түскен.

Маса шаққан келіншек ауруханада көз жұмды

"Жаңа туфлиді киіп көргеннен кейін, осылай қатты ауырып қалады деп кім ойлаған", — дейді Сиеннаның анасы. 

Қызға ота жасалған жоқ. Дәрігерлер пациенттің аяғын іріңнен тазартып, бес күн бойы бақылауда ұстады.