Әлем

Он бір айлық қыз пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуДәрітамызғыш, архивтегі фото
Дәрітамызғыш, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәбиді жедел жәрдем мамандары үйден аудандық ауруханаға жеткізді

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Ресейдің Сахалин облысында сәрсенбі күні он бір айлық қыз бала пышақ жарақатымен ауруханаға түсті.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында ақсақал ұлын немерелерінің көз алдында пышақтап өлтірді

Құқық қорғау органдары балақайды кім пышақтап тастағанын анықтап жатыр, деп хабарлады РИА Новости РФ Тергеу комитеті өңірлік басқармасы басшысының аға көмекшісі Ольга Чебыкинаға сілтеме жасап.  

Оның айтуынша, 11 айлық Оха қаласының (Сахалиннің солтүстігінде) тұрғынын жедел жәрдем бригадасы үйден жергілікті орталық аудандық ауруханаға жеткізген.   

Қазіргі таңда бала жан сақтау бөлімінде жатыр.   

Чебыкина хабарлағандай, қыздың ауруханаға түскені туралы ақпарат құқық қорғау органдарына таңғы сегіз жарымда түскен. Тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр, қазір қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.     


Жаңалықтар
0