АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастырушылары Қазақстан құрамасына аттар ұсынбағандықтан, спортшылар ойынға шыққан жоқ. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан тілшісіне команда бапкері Қанағат Сүйбаев хабарлаған.
Қазақстан құрамасы 2 қыркүйекте РФ Краснояр өлкесінің командасына қарсы шығуы керек еді. Неге екені белгісіз ойын болмай қалды, ал отандастарымыз алаңға да шықпаған.
Sputnik Қырғызстан тілшілері Қазақстан құрамасының бас бапкерімен қонақ үйде кездесіпті. Қанағат Сүйбаев оқиғаның себептерін түсіндірді. Оның айтуынша, команда жарысқа қатысу үшін өз тұлпарларын әкелмеген.
"Ұйымдастырушылармен алдын ала келісіп, олар бізге аттар береді деп шешкенбіз, бірақ ақыры қолымызға тимеді. Бәлкім, жарамды жылқы табылмаған шығар… Білмеймін. Бүгін Қырғызстанның кок-бор федерациясы басшысы бұл мәселені шешуге уәде берді. Біз финалға шығуды көздеп отырмыз, ал нашар аттармен бірінші турдың өзінде жеңіліп қалар едік", — дейді бапкер.
Сүйбаев Қырғызстанға неге өз тұлпарларын алып келмегенін түсіндірді. Жылқылардың Азия біріншілігіне дайындап жатыр екен – жарыс екі айдан соң Өзбекстанда өтеді. Ол жақта ҚР құрамасы "бар күшін ортаға салмақ".
Қазақстандық жұлдыздар көкпар ойынына қатысады
Қанағат Сүйбаевтың айтуынша, красноярлықтарға қарсы ойын ертең болады.