АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екі күннің қорытындысы бойынша медаль саны жағынан көш бастады, деп хабарлады Sputnik тілшісі.
Қазақстандықтар 19 медаль: жеті алтын, жеті күміс және бес қола жеңіп алды.
Екінші орынды 18 медальмен турнир қожайындары – Қырғызстан иеленді: алтын – 5, күміс – 5, қола – 8.
Түрікменстан 12 медальмен үздік үштікті түйіндеді: алтын – 4, күміс – 2, қола – 5.
4-орында Ресей – жеті медаль (3, 0, 4);
5-орында Өзбекстан – 12 медаль (2, 3, 7);
6-орында Литва – бір (алтын);
7-орында Әзірбайжан – 8 медаль (0; 3; 5);
8-орында Армения – бір (қола);
9-орында Грузия – бір (қола);
10-орында Молдова – бір (қола).