АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Алдағы үш күнде республиканың бірқатар аймағында ауа температурасы төмендеп, түнде үсік жүреді.
Қыркүйектің алғашқы күндері Карск теңізі аудандарынан ығысқан суық ауа массаларының әсерінен бірқатар облыста температура төмендеді. Алдағы үш тәулікте суық антициклон Қазақстанға одан әрі таралады, түнде республиканың бірнеше өңірінде үсік жүреді.
Еліміздің басым аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С төмен болады деп болжануда. Тек батыста қалыпты температурадан 2-4°С жоғары болмақ.
Түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік, орталық және шығыс облыстарда тұман түседі.