Қоғам

Қазақстанның басым аумағында күн суытады

© Sputnik / Мария Ващук / Медиабанкке өтуКүз. Архивтегі фото
Күз. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 4-6 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Алдағы үш күнде республиканың бірқатар аймағында ауа температурасы төмендеп, түнде үсік жүреді.

Оқушылар қар атысып жүр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шығыс Қазақстанда қалың қар жауды — видео

Қыркүйектің алғашқы күндері Карск теңізі аудандарынан ығысқан суық ауа массаларының әсерінен бірқатар облыста температура төмендеді. Алдағы үш тәулікте суық антициклон Қазақстанға одан әрі таралады, түнде республиканың бірнеше өңірінде үсік жүреді. 

Еліміздің басым аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С төмен болады деп болжануда. Тек батыста қалыпты температурадан 2-4°С жоғары болмақ. 

Түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік, орталық және шығыс облыстарда тұман түседі.

Синоптиктер қыркүйек айында ауа райы қандай болатынын айтты  

Жаңалықтар
0