Спорт

"Өз елін қолдамай ма?". Головкин Қазақстанның әнұраны орындалғанына қарсы

Оскар де ла Хойя Геннадий Головкиннің командасын орынсыз талап қойды деп айыптады
Sputnik

АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері  Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) командасы екінші жекпе-жек алдында қандай талап қойғанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин – "Канело" бокс кеші үлкен шығынға ұшырады

"Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында ұлттық әнұранның шырқалғанын қаламай отыр. Олар сонда өз елін қолдамай ма? Бұл рәсім. Чемпиондық белбеу тігілетін жекпе-жектердің алдында ұлттық әнұран орындалуы тиіс. Ол жекпе-жекті әсерлі ете түседі.  Головкиннің командасы Қазақстан, Мексика, Америка әнұраны орындалғанын қаламайды… Тағы қандай қалауы бар екен? Құдай-ау, олар жекпе-жектен бас тартқысы келе ме?! Шық та, жұдырықтаса берсейші!", — деп мәлімдеді Де ла Хойя.

"Канело" — GGG рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.