Саясат

Назарбаев жалақысы аз азаматтарға қандай көмек көрсетілгенін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтады
Sputnik

АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысын ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Астанада Елбасының қатысуымен VI сайланған парламенттің төртінші сессиясы ашылды. Мемлекет басшысы халық қалаулыларын парламенттік маусымның басталуымен құттықтады. 

Қазақстандықтардың орташа жалақысы қанша екені белгілі болды

"Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын. Сіздер жазда өңірлерді аралап, елдің тыныс-тіршілігімен жеке таныстыңыздар. Халықты не толғандыратынын, қандай мәселелер бар екенін біліп келдіңіздер. Ол барша қазақстандықтардың ауқатын жақсарту жолындағы қызметтеріңізге қажет. Кезек күттірмей, қолға алынуы тиіс жұмыстар қазірдің өзінде бізде жеткілікті. Қос палатаның бірлескен отырысында басымдықтарды айқындап, бірден іске кірісуіміз керек. Стратегиялық нысана бәрімізге белгілі, 2050 жылға дейінгі стратегияның негізгі мақсаты –  дамыған 30 елдің қатарына қосылу, біздің айнымас межеміз. Барлық істеп жатқан жұмысымыз, қабылдаған бағдарламаларымыз осы мақсатқа жұмыс істеуі керек", — деді Назарбаев бірлескен отырысты ашып жатып.

Президент Қазақстан дәйекті саясат пен кешенді шаралар жүргізіп, мақсатты түрде алға басып келе жатқанын атап өтті.  

Назарбаев Атырауға сапары кезінде түк бітірмейтін мемлекеттік қызметшілерді сынға алды 

"Мен 5 әлеуметтік бастаманы жария еттім. Парламент пен үкімет бірлесіп жұмыс істеп, оны жүзеге асыруға қажетті барлық заңнаманың алғашқы шарттарын жасады. "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы несиелер беріле бастады. Қосымша 20 мың білім  гранты берілді. 70 мың орындық жатақхана құрылысына дайындық аяқталды, кей өңірлерде басталып та кетті. Жаңа жылдан бастап жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы он есеге азайды. Жеке іс бастауға берілетін шағын несие көлемі 62 миллиард  теңгеге көбейді. Сарыарқа газ құбырының құрылысына дайындық жұмыстары аяқталып қалды. Осылайша мен жариялаған әлеуметтік жаңғырудың тағы бір бағдарламасын іске асыруға барлық негіз қаланды. Оны бақылап, уақытында жүзеге асыруға жұмыс жасауымыз керек", — деді мемлекет басшысы.
Сағадиев жаңа оқу жылында мұғалімдердің жалақысы тағы өсетінін айтты