АСТАНА, 1 қыркүйек — Sputnik. Джакартада бокстан финалдық бәсекелер аяқталды. Асланбек Шымбергенов пен Әбілхан Аманқұл финалда жеңіліс тапты, деп хабарлады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
Финалда 69 келіде жұдырықтасқан Асланбек өзбекстандық Бобо Усман Батыровпен кездескен болатын. Төрешілер жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңісті өзбек боксшысына берді. Есеп: 1-3.
75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбілхан да Өзбекстан өкілімен күш сынасты. Жерлесіміз Исраил Мадримовке 2:3 есебімен жол берді.
Осылайша қазақстандық боксшылар 2018 жылғы Азия ойындарында "алтынсыз" қалды.