Спорт

Қазақстандық боксшы Азиаданың финалына жекпе-жексіз өтті

Жазылу
Екі қазақстандық боксшы Азия ойындарында 69-дан 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын үшін жұдырықтасады

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Боксшы Әбілхан Аманқұл жартылай финалда жекпе-жек өткізген жоқ, бірақ Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті. 

Әбілханның қарсыласы үндістандық  Кришан Викас жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты. Осылайша Әбілхан Аманқұл тікелей финалдық бәсекеге жолдама алды. Оның финалдағы қарсыласы Өзбекстан мен Филиппин боксшыларының жекпе-жегінен кейін белгілі болады. 

Ал 69 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов жартылай финалдық жекпе-жекті таза жеңіспен аяқтады. Иорданиялық Зеяд Эшашпен кездескен біздің боксшымыз қарсыласқа еш мүмкіндік берген жоқ. Бес төреші де жеңісті Шымбергеновке берді. 

© Photo : пресс-служба НОК КазахстанаАсланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов - Sputnik Қазақстан
Асланбек Шымбергенов

Шымбергеновтің финалдағы қарсыласы — өзбекстандық Усмон Батыров. 

Қазіргі уақытта отандық команда Азия ойындарында 60 медаль жеңіп алды, оның ішінде 11 алтын, 11 күміс және 38 қола медаль. Қазақстан әзірге 11-ші орында. 

Жаңалықтар
0