Оқиға

Алматыда өртеніп жатқан үйден 70 адам құтқарылды

Оқиға Алматыдағы "Алғабас" ықшам ауданында жұма күні кешке болды
Sputnik

АСТАНА, 1 қыркүйек — Sputnik. Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үйдің пәтері отқа оранып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Петропавлда базардан жойқын өрт шықты

Өрт жұма күні сағат 22.09-да алтыншы қабатта орналасқан пәтерден шығып, 15 метр аумаққа шарпыған. 

Құтқарушылар 70 адамды сыртқа шығарды, оның ішінде 20 бала бар. Өрт сағат 22.36-да оқшауланып, 22.54-те жойылды.

Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіру, эвакуациялау және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде 26 өрт сөндіруші мен сегіз мамандандырылған өртке қарсы техника тартылды.