АСТАНА, 1 қыркүйек — Sputnik. Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үйдің пәтері отқа оранып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Өрт жұма күні сағат 22.09-да алтыншы қабатта орналасқан пәтерден шығып, 15 метр аумаққа шарпыған.
Құтқарушылар 70 адамды сыртқа шығарды, оның ішінде 20 бала бар. Өрт сағат 22.36-да оқшауланып, 22.54-те жойылды.
Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіру, эвакуациялау және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде 26 өрт сөндіруші мен сегіз мамандандырылған өртке қарсы техника тартылды.