Қоғам

Қытай 15 сотталған қазақстандықты еліне қайтарды

Үрімшіде Қазақстан мен Қытайдың прокурорлары кездесу өткізді
Sputnik

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы Қытайда сотталған қанша қазақстандықтың елге оралғанын хабарлады. 

Министрлік Қытай танкілерінің Қазақстанда қайдан жүргенін түсіндірді

Бас прокуратураның ақпаратына сүйенсек, соңғы екі жылда Қытайдан Қазақстанға одан әрі жазасын өтеу үшін 15 қазақстандық жеткізілген. 

Сотталғандарды беру мәселесі Үрімшіде Қазақстанның Бас прокуратурасы және Қытайдың Жоғарғы Халық прокуратурасы өкілдерінің кездесуінде талқыланды.  

Кезекті кездесуде прокурорлар қылмысқа қарсы күрес, оның ішінде терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. 

Еске сала кетейік, Қытайда отандасымыз  төрт жылдан бері түрмеде отыр. Есірткі контрабандасы үшін өмір бойына сотталған бойжеткен аппеляциялық алқаның шешімін күтуде.

Ал биыл этникалық қазақ ісі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ол туған жеріндегі отбасына Қытайдан қашып келген. Шекарадан заңсыз өтті деп айыпталған Сауытбайдың ісіне қатысты сот үкімі бірінші тамызда  шықты. Сот қандасымызды 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Бүкіл ел тағдырына алаңдаған Сайрагүл сот залынан босап шықты. Ол Қытайға берілмейтін болды. Қазір азаматтық алу мәселесі шешіліп жатыр.