Өңірлер

Бүгін ауа райы қандай болады?

31 тамызға арналған ауа райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Республиканың солтүстік, орталық және шығысында жаңбырмен бірге найзағай болады және екпінді жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, кей жерде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай, желдің күші 15-20 м/с, бұршақ болууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде найзағай, тұман, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.

Қостанай, Алматы облыстарының  кей жерінде найзағай ойнап, Қостанай облысында желдің күші 15-20 м/с- ке жетеді. 

Түркістан, Қызылорда облыстарында кей жерде жел 15-23 м/с-ке дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысында кей жерде желдің күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.