Әлем

Қытай көп бала тууды насихаттай бастады

Қытай үкіметі көпбалалы отбасын насихаттау үшін торайлары қаумалаған шошқалар бейнеленген күнтізбелерді басып шығаруда
Sputnik

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қытайда бала тууды шектейтін заң күшін жоюуы мүмкін. Ел билігі осылайша халықтың қартаю қарқынын бәсеңдетпекші.

Қытай мұсылмандары наразылық акциясына шықты: билік ірі мешітті сүріп тастамақ

1979 жылы қабылданаған "Бір отбасына бір бала" деген заңның кесірінен 2030 жылға қарай Қытай халқының төрттен бір бөлігін 65 жастағы қариялар құрамақ. Оларға зейнетақы төлеу үкіметке оңайға соқпайтыны анық. Сондықтан 2016 жылдан бері екі бала тууға рұқсат етілген болатын. 

Бірақ отбасында жалғыз өсіп, санасына саясат әбден сіңіп қалған қазіргі ұрпақ та бір баладан артық табуға құлықтары жоқ екен.  Сондықтан Қытай үкіметі қазір көпбалалы отбасын насихаттайтын пошта маркаларын, тіпті келер доңыз жылының құрметіне торайлары қаумалаған шошқалар бейнеленген күнтізбелерді қазірден-ақ басып шығаруда. Бұл заң жобасы бүкілқытайлық халықтық жиынында осы аптада талқылаудан өтеді. Сондай-ақ онда жұмыс аптасын қысқартып, зейнет жасын ұзарту мәселесі де қаралмақ, деп жазды КТК. 

Қазір көрші елдің халқы 1 миллиард 400 миллионға жуықтаған. Ерлер әйелдерден 30 миллионға көп екен.