Әлем

Кәуаптың ешкім күтпеген қаупі анықталды

Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, отқа пісірілген тамақтың адамның денсаулығына зиян екенін анықтады
Sputnik

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Оксфорд университетінің ғалымдары шоққа пісірілген тамақты көп жеген адамның жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан уақытынын бұрын өліп кету қаупін арттыратынын анықтады. Бұл туралы EurekAlert! жазады. 

Қарындағы майды кетірудің ең тиімді әдісі анықталды

Зерттеуге 30-79 жас аралығындағы Қытайдың 341 730 тұрғыны қатысты. Еріктілер арасында жүргізілген сауалнама барысында олар қандай жиілікпен тамақ пісіретінін және қандай отын пайдаланатынын айтты. Ғалымдарды олардың отқа пісірілген тамақты қаншалықты жиі жейтіні қызықтырды. Сауалнама қорытындысы бойынша аптасына кемінде бір рет тамақ дайындайтын және жүрек-қан тамырлары ауруына шалдықпаған адамдар іріктелініп алынды.

Жалпы алғанда, қатысушылардың 22,5 пайызға жуығы соңғы 30 жылда тамақ пісіру үшін қатты отын пайдаланған. 24,6 пайызы 10-29 жыл, ал 53 пайызы 10 жылдан аз уақыт немесе ешқашан отқа тамақ пісірмеген. 

Зерттеу жүргізілген уақытта жүрек-қан тамырлары ауруларынан 8304 адам қайтыс болды. 

Ғалымдардың айтуынша, тамақты электр немесе газ плитасына пісіру жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу қаупін айтарлықтай төмендетеді.