Фото

Бай әрі сұлу: Голливудтың ең үздік актрисалары қанша табыс табады?

Sputnik

Голливудтың ақылына көркі сай сұлулары Forbes журналы бойынша ең табысы мол актрисалар рейтингісіне енді. Олар асқан дарыны мен сомдаған үздік рөлдерінің арқасында ақшаны күреп тауып жүр.

Әлемнің ең танымал қара шашты сұлулары — фото

ТОП-10 рейтингісіне кімдер енді? Бірінші орында — Скарлетт Йоханссон. "Мстители" жаңа фильміндегі "Черная вдова" рөлі актрисаның табысын төрт еселеген.

Үздік үштікке сұлу әрі мәңгі жас ханымдар мен Дженнифер Энистон енді.

Әлемнің ең мықты актрисаларының табысы жайында Sputnik фотолентасынан біле аласыздар.

1 / 10
Рейтингіде көш бастап тұрған Скарлетт Йоханссон. 2017 жылдың маусымы мен 2018 жылдың маусымы аралығында ол 40,5 миллион доллар табыс тапты. "Черная вдова" фильмінде кек алушылар жасағының орыс шпионы рөлін сомдаған актриса кірісін төрт есе арттырған.
2 / 10
Брэд Питтен ажырасамын деп басы дауға қалғанына қарамастан, көркіне көз тоймайтын сұлу актриса Анджелина Джоли ерекше рөлдерімен көрерменін қуантуын жалғастырып келеді. Ол "Малефисента-2" және басқа да фильмдерінің арқасында 28 миллион доллар қаражат тапқан.
3 / 10
Жайсаң мінезді Дженнифер Энистон бір жыл ішінде бір саты төмендеп, үшінші орынға табан тіреді. Актрисаның кірісі – 19,5 миллион доллар.
4 / 10
Тізімде төртінші орынға іліккен - Дженнифер Лоуренс (18 миллион доллар). Жұлдыз әртүрлі жанрдағы фильмдерге жиі түсіп, барша жұртты тәнті етіп келеді.
5 / 10
Голливудтың аққұба сұлуы Риз Уизерспун 16,5 миллион доллар табысымен 5-орында тұр.
6 / 10
Көрермен көзайымына айналған Мила Кунис бір жыл ішінде 16 миллион доллар тауып, 6-орын иеленді.
7 / 10
Әлемдік кинематограф басын иетін үздік актриса Джулия Робертс 13 миллион доллар кірісінің арқасында жетінші орын алды.
8 / 10
Ешқашан қартаймайтын Кейт Бланшетт 12,5 миллион доллар табыс тауып, 8-орынға ие болды.
9 / 10
Комедиялық фильмдердің жұлдызы Мелисса МакКарти бір жыл ішінде төртінші орыннан тоғызыншы орынға бір-ақ сырғыды. Биылғы кірісі – 12 миллион доллар.
10 / 10
Тізімдегі соңғы сатыда рейтингіге алғаш еніп отырған – Израиль актрисасы әрі модель Галь Гадот. "Ғажайып әйел" блокбастерінің жұлдызы биыл 10 миллион доллар табыс тапқан екен.