Әлем

Босанып жатқан әйел күйеуімен бірге ән айтып, жұртты таңғалдырды – видео

Видеоны Грузиядағы Кутаиси қаласының перзентханасы жариялаған
Sputnik
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Босанып жатқан грузин әйел күйеуімен бірге  танымал неаполитан әнін орындап, дәрігерлер мен желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Sputnik Грузия.
Видеоны Кутаиси қаласының №2 перзентханасы "14 тамыз, Луки Чаргазияның дүниеге келуі" атауымен жариялаған. 
Кадрдан жас грузин әйелдің қасында тұрған жұбайымен бірге Лучано Павароттидің әйгілі "O sole mio" әнін шырқап жатқанын көруге болады. Әннің ортасына қарай ер адамның даусы бәсеңдеп, әйел бар даусымен шырқай жөнеледі.
Астанада екі әйелдің көз жұмуына байланысты денсаулық сақтау министрі пікір білдірді