Әлем

Босанып жатқан әйел күйеуімен бірге ән айтып, жұртты таңғалдырды – видео

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуБосану бөлімі, архивтегі фото
Босану бөлімі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеоны Грузиядағы Кутаиси қаласының перзентханасы жариялаған
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Босанып жатқан грузин әйел күйеуімен бірге  танымал неаполитан әнін орындап, дәрігерлер мен желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Sputnik Грузия.
Видеоны Кутаиси қаласының №2 перзентханасы "14 тамыз, Луки Чаргазияның дүниеге келуі" атауымен жариялаған. 
Кадрдан жас грузин әйелдің қасында тұрған жұбайымен бірге Лучано Павароттидің әйгілі "O sole mio" әнін шырқап жатқанын көруге болады. Әннің ортасына қарай ер адамның даусы бәсеңдеп, әйел бар даусымен шырқай жөнеледі.

Жаңалықтар
0