Әлем

"Ақыры келісті". Telegram қолданушылар мәліметін тиісті органдарға бермек

Павел Дуров мұның конституцияға қарама-қайшы екенін айтып, соттан бұл істі қайта қарауды өтінген болатын
Sputnik

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Telegram мессенджерінің әкімшілігі құқыққорғау органдарына қолданушылардың телефон нөмірлері мен IP мекенжайларын беруге келісті. Сервистің құпиялылығына қатысты жаңартылған ақпаратта бұл мәліметтердің тек сот шешімімен берілетіні туралы жазылған. 

Қазақстандықтар дәрігерді Telegram арқылы шақыратын болады

Десе де, мессенджер сот террористік сипаттағы кінә таққанда ғана ақпарат беретінін мәлімдеді. 

"Егер сот сіздің терроризмге қатысыңыз бар екені туралы айғақтар ұсынса, біз IP мекенжайыңыз бен телефон нөміріңізді тиісті органдарға береміз. Әзірге мұндай жағдай болып көрмеді", — делінген жаңартылған құжатта. 

Мессенджердің әкімшілігі мұндай жағдай бола қалса, міндетті түрде хабардар етіп отыратынын жеткізді. 

2017 жылдың жаз айында вконтакте желісінің құрушысы Павел Дуров өзінің Twitter аккаунтында қолданушылар ақпаратының "бірде бір байты" билікке берілмейтінін айтып өтті. 

Тағы да оқыңыз: Байқоңырда неліктен әлеуметтік желі пайдалануға тыйым салынды?

Ресейде Telegram мессенджері 13 сәуірде Мәскеудегі Таган аудандық сотының шешімімен жабылды. Бұған аталған мессенджердің Қауіпсіздік федералдық қызметіне қолданушылар хатын оқитын шифр кілтін беруден бас тартуы себеп болды. Мессенджер құрушыларының бірі Павел Дуров ҚФҚ-ның бұл талабы конституцияға қарсы екенін айтты. Десе де, 14 маусым күні Мәскеу қалалық соты оның қайта берген шағымын қарастырудан бас тартып, Telegram мессенджерін бұғаттады.