Өңірлер

Қостанайда жасөспірімнің жантүршігерлік қазасына әпкесі себеп болды

2004 жылы туған жасөспірім тұрмыстық жанжал кезінде тоғызыншы қабаттан секіріп кетті
Sputnik

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 14 жастағы жасөспірімнің қаза болуына не себеп болғанын айтты.  

Семейде ер адам бес жасар қызды мазасын алғаны үшін айуандықпен өлтірген

"2004 жылы туған жасөспірім әпкесімен жанжалдасып қалып, тоғыз қабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы терезеден секіріп кетті", — деп жазылған ТЖД ресми хабарламасында.  

Облыстық ІІД аталған факті негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп жазды kstnews.kz.  

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайдағы жантүршігерлік трагедия сенбі, 25 тамыз күні болды. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасында көз жұмды.